Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Күй күмбірі" атты домбырашылар челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйі орындалып, қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірлеп, халықтың рухани байлығы дәріптелді. Мақсаты: ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу, домбыра аспабын насихаттап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру.
18 наурыз - Ұлттық киімдер күніне орай, Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 9-10 сынып оқушылары арасында ,,Ұлттық киім ұрпаққа мұра” тақырыбында флешмоб өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық киімге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін бойына сіңіре отырып, оқушылардың ұлттық киімге деген қызығушылығын арттыру.
Шу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі. “Ұлттық киім - ұлтымыздың аманаты”! Ұлттық киім трендте! Ұлттық киім -халқымыздың рухы мен терең тарихының белгісі. Киелі кимімізді киіп, ұлттық мұрамызды дәріптейік!