Оқушылар мен ата-аналарға дұрыс тамақтану мәдениеті бойынша ұйымдастырылған түрде ақпарат беріліп, зиянды тағамдардан бас тарту және отбасылық тамақтану мәдениетін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Мектептің әлеуметтік педагогы А.Ақпай мектеп асханасында бастауыш сынып және аз қамтылған отбасы балаларына ұйымдастырылып отқан ыстық тамақ барысы туралы мағлұмат беріп өтті.
Іс-шара барысында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, олар мектеп асханасындағы ыстық тамақтың сапасына қатысты пікірлерін білдірді. Ата-аналар балалардың тамақтану рационына ботқаны (каша) қосу қажеттігі жөнінде ұсыныс айтты. Сонымен қатар, мектеп асханасының санитарлық жағдайы қадағаланып, тамақтану сапасын бақылау шаралары күшейтілді.