«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Кенгуру» ойын-конкурсына мектебімізден
122 оқушы қатысып, 97 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
7-11 сынып оқушылары арасында өтетін республикалық
«Ілияс Жансүгіров» оқуларының аудандық кезеңінде бір оқушымыз бас жүлде, бір оқушымыз бірінші орын, бір оқушымыз ІІІ иеленіп, облыстық кезеңде «Алғыс хатпен» марапатталды.7-11 сынып оқушылары арасында өтетін республикалық
«Мұқағали Мақатаев» оқуларының аудандық кезеңінде бір оқушымыз алғыс хатпен, бір оқушымыз бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңде «Алғыс хатпен» марапатталды.